2016 жылғы 13 желтоқсанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ересек топтарында мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар мерекені ән мен жырдан басталды. Бұл мереке ерекше өтті.
Тәуелсіздіктің қалай келгенін түсіндіру мақсатымен, жоңғар шапқыншылығынан би қойылымын, сонымен қатар, балаларға «Желтоқсанның ызғарлы желі» атты, сол бір ызғар қалдырған оқиғадан көрініс ұсынылды.
Тәуелсіз елдің ұрпақтарының «Біздің бақытты балалық шақ!» видеосұхбаты – балалардың көңілінен шықты.
Балалармен мерекені атап өтуге Астанамыздың сәнді монументі – Бәйтерек қонаққа келіп, қызықты ойындар ұйымдастырды.
Мереке, балалардың Қазақстан Республикасына деген жақсы тілектермен тәмамдалды.