Күз бізде қонақта
26-10-2016 13:03
Күз бізде қонақта

        2016 жылғы 25 – 26 қазан аралығында «Бөбек» балабақшасында екінші кіші және ортаңғы топтарда күз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Қонаққа  Күз ханшайымы, Саңырауқұлақ, Кірпі келіп,  балалармен бірге ән салып, би билеп, ойындар ұйымдастырып, мерекелік көңіл – күй сыйлады. Балалар келген қонақтардың тапсырмасын орындап, ептіліктерін, тапқырлықтарын көрсетіп, таң қалдырғандары тағы да бар. Мереке өз соңын Күзгі ханшайымның бау – бақшада піскен жеміс – жидектерді сыйға тарту сәтімен, балалардың көңілді әнімен тауып, тәмамдалды.