Облыстық вебинар. Іс-тәжірибемен бөлісу.
2020 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысындағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласының балабақшалары аймақтық вебинарға қатысып, жұмыс тәжірибелерін аймақтағы әріптестермен онлайн режимінде бөлісті.
«Бөбек» балабақшасының директоры Жазбекова Ж.Т., және балабақша әдіскері Базарбаева К.М. мектепке дейінгі топтарда логикалық тапсырмаларды «Дойбы ойнау» жобасы аясында жаңа технология әдістерімен ұштастыра қолдана отырып, балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялдарын ұштау, тапқырлыққа жетелеуі бойынша іс- тәжирибемен бөлісті.
Вебинар модераторы - ОӘО әдіскері Қалмагамбетова А.Х. қорытындылай келе, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартады және оны қызықты, тиімді және заманауи етеді, жаңа білім беру бағдарламалары баланың жеке ерекшелігіне және оның отбасының қажеттіліктеріне бағытталған оқу процесінің өзгермелілігін қамтамасыз етуге арналған"-деп атап өтті.