1-мамыр ынтымақ күні
30-04-2020 09:40
1-мамыр ынтымақ күні

Бүгінде Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекені "Бөбек" балабақшасының тәрбиеленушілері де киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бүгін де «Достығымыз жарасқан» атты мерекеде балалар әр ұлттың әнін айтып, би билеп, ойын ойнап, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болсын, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! 1 мамыр мейрамы құтты болсын!