«ROBOT STEAM MOUSE»
19-02-2020 09:37
«ROBOT STEAM  MOUSE»
Бүгін, қаламыздың "Балақай" балабақшасында «Білім беру робототехникасы» жобасына қызығушылықтарын арттыру мақсатында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «ROBOT STEAM MOUSE» ашық іріктеу жарысы өтті. Іріктеу кезеңіне Балқаш қаласының балабақшалары арасынан үш команда қатысты:
«Балауса» балабақшасының «Rubik s» командасы,
«Бөбек» балабақшасының «Winners» командасы,
"Балақай" балабақшасының «RoBoStAr» командасы. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1-кезең «Лабиринтті жасау», 2-кезең «Бағдарламаны бағдарламалау», 3-ші кезең «Топтық жаттығу алаңындағы жеке тур»
Ұпай сандары бойынша «RoBoStAr» командасы 1-орын, «Winners» командасы 2-орын, 3-орынды «Rubik s» командасы жеңіп алып, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Біздің балабақшаның намысын Арманқызы Малика және Бауыржанқызы Ясмина қорғап, Қарағанды қаласында өтетін VI халықаралық фестивальге қатысуға жолдама алды. Құттықтаймыз!