"ХХI ғасырдың ұстазы"
04-10-2019 15:21

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Біздің балабақшамызда Ұстаздар күніне орай "ХХI ғасырдың ұстазы" атты мерекелік сайыс өтті.
Құрметті, әріптестер, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!