Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бар қауымға бас-көз бола білген барлық қарттардың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, балабақшамызға еңбег сіңген Зинаида Владимировна, Нәсіп Сүйіндікқызы, Алтынай Әбдіғалыққызын, Мария Бабановнаны бақшаның төріне шақырып, сый-сыяпатымызды көрсеттік. Риза болып, апайларымыз көзіне жас та алды.
Октябрь — дождливый месяц в ожиданье снега
Итог труда, любви, веселых летних дней
В знак преклоненья перед жизнью человека
Нам дарит праздник пожилых людей.