Размер шрифта:
Спорт сенің серігің - Жанға дауа, қолға күш.
31-07-2019 13:00
Спорт сенің серігің - Жанға дауа, қолға күш.

Спорт сенің серігің - Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды - қимыл менен қозғалыс, - дегендей жазғы шілденің аптап ыстығына қарамастан, осы аптада біздің балабақшамызда салауатты өмір салтын насихаттай отырып, эстафета - спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық, қарым - қатынасты нығайту мақсатында «Көңілді қақпа» атты футбол элементтерінен құралған эстафеталық ойыны өтті. Іс – шара барысында балалардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайттық. Жарысқа барлығы 4 топтан құралған 3 команда қатысты: «Қыран» тобы, «Жалын» тобы және «Сұңқар» тобы. Қатысқан топтар ішінде бас жүлдені оза шауып «Сұңқар» тобы иеленді. ІІ-ші орынды «Жалын» тобы және ІІІ-ші орынды «Қыран» тобы қанжығасына байлады. Аталмыш іс – шараның соңында балалар көңілді спорттық биін билеп қайтты.