Размер шрифта:
«Мемлекеттік рәміздер –мақтанышым»
05-06-2019 10:28
«Мемлекеттік рәміздер –мақтанышым»

«Мемлекеттік рәміздер –мақтанышым» атты іс-шара 4 маусым күні «Бөбек» МЖДМ-нің ересек топ балалары мен педагогтардың әнұранды орындауымен басталды. Әр топтың балалары рәміздер туралы өлең-тақпақтарын айтып, қызықты «Құпия хат» ойынын ойнады. Қонаққа келген ертегі кейіпкері Аленушка балалармен «Ручеек» ойынын ойнап, жоғалып кеткен інісін тауып алды. Олар балалармен қызықты «Умники и умницы» ойынын ойнады. Балалар Отанына, рәміздерге деген сүйіспеншілігін «Отаным» әнімен жеткізіп, рәміздер туралы білімдерін шыңдай түсті.
Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.