Қош бол, балабақшам!
Қымбатты, біздің түлектер!
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын!