«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!»
21-05-2019 15:19
«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!»

2019 жылдың 21-мамырында «Бөбек» МЖДМ КМҚК балабақшасында Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орайластырылған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» атты тақырыптық күн өтті. Балабақша медбибісі балаларға адам ағзасының құрылымының ерекшеліктері (адам немен дем алады, «Өкпе», «Жүрек» дегеніміз не, адам қандай ауамен демалуы керек екендігі)туралы ақпарат берді. Балалармен «өкпе аурулары» дегеніміз не, неге темекі шегу жаман әдет және адамды ауруға шалдықтыруы мүмкін екендігі туралы әңгімелесті. Дене шынықтыру жетекшісі балалармен жаттығу жасаудың өкпеге пайдасын ескере отырып, бірнеше жаттығу жүргізді. Тәрбиешілер тәрбиеленушілерге ертегілер арқылы салауатты өмір салтын ұстану қағидасын жеткізді. Балалар тыңдап қана қоймай, рөлдерді өздері сомдады. Ата-аналарға темекінің зияны, демікпе ауруының зардабы жайлы кеңес айтылды, және сауалнама жүргізілді.