Размер шрифта:
Жеңіске тағзым
06-05-2016 10:30
Жеңіске тағзым

2016 жылғы 06 мамырда «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Жеңіске тағзым!» атты 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған ересектер тобының балалары қатысуымен ертеңгілік өтті. Үнсіздік минутасымен бастау алған мереке, өлең жолдарымен, ән салумен жалғасын тапты. Балаларға соғыс майдангерлерінің ерлігін, батылдығын жеткізу мақсатында,  саналарында, жүректерінде сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін ояту үшін, жүргізуші «Қазақ қаһармандары» деген тақырыпта презентация ұсынды. «Аққулар» биі ертеңгіліктің сәнін келтіріп, балалардың көңілдеріне жылулық ұялатты. Сонымен қатар, балалар, өздерін «Нысанаға дөп тигіз» ойынында мергендік қабілеттерін сынап көрсе, «Әскери көліктер» атты ойынында білімдерін, шапшаңдықтарын сынға түсірді. Мереке өз соңын ән шеруімен аяқталды.