Размер шрифта:
Масленица
28-02-2019 11:46
Масленица

Қысты шығарып салу мақсатымен «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Масленица» мерекесі өтті. Мерекеге көңілді Сайқымазақ, Құймақ - ханшайымы, Ару көктем, Мыстан кемпір, Қыс ханшайымы келіп балалармен сан түрлі ойындарын ойнап, аязды қысты шығарып салды. Мереке соңында балақайлар тәтті құймақтары мен тоқаштардан ауыз тиіп қайтты. Аталмыш іс - шара балабақшамыздың дәстүріне айналған. Ендігі кезекте көктемнің тамаша сәттерін қызықтайтын боламыз.