Размер шрифта:
"Қош келдің"Жаңа жыл!"
29-12-2018 10:39

Балабақшамызда «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ата – аналар мен педагогтардың бірлесіп әзірлеген қысқы тақырыбындағы бұйымдардан құрастырылған тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шара балабақшамызда жылда дәстүр ретінде қалыптасқан. Ата – аналарымыз мен педагогтарымыздың шығармашылықтарынан шыққан дүниелер балабақшамыздың алаңында орын алды. 2018 жылды осындай керемет нүктемен аяқтадық. Келер жылдан күтетініміз мол! Табысқа, шығармашылыққа, жетістікке толы жыл болғай деп үміттенудеміз!