КВН
27-12-2018 10:15
КВН

"Бөбек" балабақшасының ұжымы өзінің шығармашылығымен, өнерімен танылған жандар. Жастардың өз таланттарын ояту, үлкендердің тәжірибесімен бөлісу мақсатымен 2018 жылдың 27 желтоқсаны күні КТА ойындары (көңілді тапқырлар алаңы) бақшамыздың қабырғасында өтті. Аталмыш іс - шараға барлық қызметкерлер уақыттың тапшылығына, тығыздығына қарамастан бір ауыздан қолдап, қатысып, әзілмен дос екендерін көрсетті. Бұл ойында ән де, би де, театр қойылымдары өз орнын таба білді. Ұшқыр ойдың астынан өткір әзілдер табылып жатқаны қуантады. Мереке әзілмен басталып, өз соңын әзілмен тапты. КТА ойынының әр нәрсеге әзілмен қарауымен қатар, сыйластық пен ынтымақтастыққа шақырғаны тағы бар. Сөз соңында айтарымыз, ғажайып пен әзілге толы сәттеріміз көп болғай, деп тілейміз!