Ерте жастағы балалардың сөйлеудің алғашқы дағдылары (жылы сөздер, қимыл арқылы байланыс)
10-12-2025 13:23
Ерте жастағы балалардың сөйлеудің алғашқы дағдылары (жылы сөздер, қимыл арқылы байланыс)

Ерте жастағы балалардың сөйлеудің алғашқы дағдылары (жылы сөздер, қимыл арқылы байланыс)ата-аналарға арналған кеңес

Ерте жас (1–3 жас) – баланың тіл дамуының ең қарқынды кезеңі. Дәл осы уақытта бала айналасындағы дыбыстарды тыңдап, сөздерді қайталап, ым-ишара мен қимыл арқылы өз ойын жеткізе бастайды. Сөйлеу – тек сөз айту емес, ол эмоция, көзқарас, қимыл, дауыс ырғағы арқылы қарым-қатынас жасау үдерісі. Сондықтан ата-ананың рөлі – баланың тілдік ортасын байытып, оны жылы қарым-қатынас арқылы қолдау.

Ерте жаста бала:

  • Алдымен дыбыстарды (ма-ма, ба-ба) айтады;
  • Кейін жеке сөздерді қолданады;
  • Ым-ишарамен (көрсету, бас изеу, қол бұлғау) байланыс орнатады;
  • Екі сөзден тұратын қарапайым тіркестер құрай бастайды.

Бұл кезеңде бала сөзді есту, түсіну және қайталау арқылы үйренеді. Сондықтан тілдік орта неғұрлым бай әрі жылы болса, сөйлеу соғұрлым тез дамиды.

Жылы сөздер – баланың сөйлеуін ғана емес, оның эмоциялық дамуын да қолдайды. Бала өзін қауіпсіз әрі сүйікті сезінгенде ғана еркін сөйлей бастайды.