Размер шрифта:
"Баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасының рөлі" қалалық семинар
27-11-2025 10:05
26.11.2025жылы «Ақбота»бөбекжайы» КМҚК-да «Баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында қалалық семинар  өтті. Семинарға қаламыздың бөбекжайларынан 22 педагог қатысты.
 Семинардың мақсаты: Отбасындағы рухани-адамгершілік қасиеттер арқылы бала бойына рухани құндылықтарды сіңіріп,сүйіспеншілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Бөбекжай әдіскері Байбекова Г.С келген қонақтарға «Ұлттық құндылық- ұлт қазынасы» көрмесімен таныстырды. «Отбасым асыл қазынам» тақырыбында  ересек «Шұғыла» тобында Мейрханова Ақбота ҰІӘ жүргізді. «Еркетай» ересек тобында «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы» тақырыбында Бағдат Д.А ҰІӘ жүргізді.
Педагог –психолог:  Кабылдина П.А «Ата-ананың қуанышы-бала» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Семинарды әдіскер Байбекова Г.С түйіндеп, семинар соңында «Балқаш қаласының
білім бөлімі» ММ-нің  әдіскері Кожаева Б.К. қортынды сөзбен аяқтап, қатысушы педагогтарға алдағы еңбек жолына шығармашылық табыс тіледі.