«Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері»

10.12.2024 жылы бөбекжайымыздың үйде отырған ата-аналарымен «Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында консультациялық кеңес өткізілді. Әдіскер Байбекова Г.С консультациялың кеңестің мақсатымен ережесімен таныстырды. Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалары мектепке дейінгі ұйымға бармаған ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету. Бөбекжайымыздың педагог-психологы Кабылдина П.А «Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері» жайлы кеңес беріп пікір алмасты.Анасы мен баласы бірлесе отырып, “Құм терапиясы”, “Арт-терапиялық жаттығу”, «Зейінді шоғырландыру” ойын - жаттығуларын ойнады.