12.09.2024жылы “Ақбота” бөбекжайында “Жаңа оқу жылындағы бөбекжай қызметінің негізгі бағыттары” тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде: 1) “Жазғы сауықтыру” жұмыстарының қортындысы 2) 2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен танысу 3)Тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі және жұмыс жоспарларын бекіту 4)Топтардағы жылдық жоспарды бекіту 5) Психологпен жұмыс 6) Қараша айында өтетін педагогикалық кеңеске тапсырма 7) Педкеңес қортындысы, шешім қабылдау. Кеңес кезінде әдістемелік нұсқаулық бойынша бөбекжай директоры Жакишева К.Б педагог мамандарға таныстырып, жылдық жоспар мен ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі бойынша бөбекжай әдіскері Г.С Байбекова талдау жұмыстарын жүргізді, бөбекжай педагог-психологы Кабылдина П.А қызықты ойындар мен тренигтар өткізді. #біртұтас_тәрбие
“Жаңа оқу жылындағы бөбекжай қызметінің негізгі бағыттары” тақырыбында педагогикалық кеңес