Спорт денсаулық кепілі
06-09-2018 16:37
Спорт денсаулық кепілі

Денсаулықтуралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Ақбота» балабақшасында 2018 жылдың 6 қыркүйек айында «Спорт денсаулық кепілі» атты спорттық ойын сауық өтті. Қонаққа мультфильм кейіпкерлері Спортакус, Стэфани және Дәрумен ханшайымы келді. Ойын сауық барысында Флешмоб билеп, «Түрлі түсті дәрумендер», «Пирамида», «Дәрумендер қалашығы»  сияқты ойындарды ойнап, жарысты.