Балабақша тәрбиенің бастауы
06-10-2022 11:18
Балабақша тәрбиенің бастауы

Президенттің жолдауын «Ақбота» бөбекжайының директоры Жакишева Кулпаш Билановна ұжымда талқылады. Жакишева К.Б өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек деді. Президент балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенін айтты. Және де Кәсіподақ төрайымы Досмагулова Гульнара Сембековна Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақ­тай отырып, бір орында тұрып қал­май, әрдайым даму жолын­да болу керектігін атап өтті. Пре­зи­­дент­тің айтуынша, бәсекеге қа­бі­летті балаларды қалыптас­ты­ру­да басты үміт тәрбиешіге арты­ла­­ды. Педа­гог­тардың, әл­бет­те ата-ана­лардың да міндеті – елі­міз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу.Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», - деген мына мәлімдемесіне өзінің оң көзқарасын білдірді.