27қыркүйек 2022 жылы КМҚК "Ақбота" бөбекжайында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бөбекжай директоры Жакишева К Б 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі салада болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, бөбекжайдың ішкі тәртібі бойынша жұмыстар айтылды. Бөбекжайдың ұйымдастырушылық жұмыстарына тоқталып, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жиналыс жүргізушілері бөбекжайдың тәрбиешілері күн тәртібіндегі мәселелерді толықтай қамтып, 2022-2023 оқу жылындағы тәрбиелеу білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамытудың бағыттары: физикалық дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту; танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылатыны жөнінде түсінік берді.
Ата-аналар жиналысы