"Қош келдің, Әз Наурыз!"
17-03-2018 13:39

"Қош келдің, Әз Наурыз!"

Наурыз айының 16 желтоқсанында "Балдәурен" ортаңғы тобында "Қош келдің, Әз Наурыз!"  атты ертеңгілігі болып өтті. Ертеңгілік барысында "Әже мен немере" атты әжелер сайысы болды. Сайыста әжелер өздерін таныстырып, өз өнерлерімен тәрбиеленушілермен және тәрбиешілермен бөліссе, келесі бөлімде "Шебер қол" бөлімі бойынша өнер көрсетті. Бұл сайыста балабақша тәрбиеленушілері қазақ халқының өнері, салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптарымен тереңірек танысты. Сайыс соңында сайысқа қатысқан әжелер мен немерелер "Шебер әже", "Заманауи әже" номинациялары бойынша марапатталып, немерелеріне сыйлықтар табысталды. Топ тәрбиеленушілері мен әжелер "Қара жорға" биімен ертеңгілікті қорытындылады.