«Үздік тәрбиеші» сайысы
23-02-2018 20:26
«Үздік тәрбиеші» сайысы

"Үздік тәрбиеші" 

Ақпан айының 23-і жұлдызында «Айсұлу» балабақшасының ұйымдастырумен «Әріптестер» кәсіби – қоғамдастығының аясында «Ақбота», «Алпамыс» және «Айсұлу» балабақшаларының қатысуымен «Үздік тәрбиеші» сайысы өтті. Сайыста әр балабақшаның тәрбиешілері «Мен және менің мамандығым» бойынша өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, театрдың түр – түрінен балаларға қойылым көрсетіп, жекпе – жекке түсті. Сайыс қорытындысы бойынша «Айсұлу» балабақшасының тәрбиешісі Рахимова Роза Тусупхановна «Үздік тәрбиеші» атағына ие болып, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешілері: Ж.Шекен – I орынды, С.Т.Стамкулова – II орын, Ж.К.Сейдуалиева – III орынға ие болып,  сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.