«Ақбота» балабақша директоры және педагогтары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен жақынырақ танысып, өз пікірлерін ортаға салды. Жиынды балабақша директоры А.Б.Кишкиндаева ашып, ел болашағы үшін айқын міндеттерді белгілеп, жарқын болашаққа жол сілтейтін Елбасының кезекті Жолдауының маңыздылығы мен оның он басымдығына тоқталды.
Жиында балабақша әдіскері К.М.Карибекова Жолдаудағы білім берудің жаңа сапасы туралы баяндама жасап, педагогтарды таныстырып өтті. Баяндамада мемлекет басшысының Жолдауында адами капиталды дамытудың маңызды шарттарын қалыптастырудың бірі болып табылатын білім сапасына айрықша көңіл бөлінгендігіне баса назар аударылды. Құжатта өзіндік озық білім беру жүйесін құруды жеделдету қажеттілігі айтылған. Барлық деңгейдегі – мектепке дейінгі жастан әрі одан жоғары – білім беру бағдарламаларының өтпелі мақсаты – тұрақты өзгерулерге бейімделу және жаңа білімді игеруге ынталандыру қабілетін дамыту. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында білім берудің жаңаша сипатына тоқтала келіп, қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екенін тағы бір атап өтті. Сондай-ақ, ол 2019 жылдан бастап, 10 және 11-сыныптарда жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталады. Мемлекет басшысы үкіметке барлық деңгейде білім беру саласы бойынша 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесін нақтылауға тапсырма бере отырып, өзіндік озық білім беру жүйесін қайта құру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру, оларды оқыту мен өсіру тәсілдерін қарастыру қажеттігін атап көрсетті.