Қаңтар айының 25 – і жұлдызында «Ақбота» балабақшасында «Педагогикалық жобалар» атты семинар – практикум болып өтті.
Мақсаты: Тиімді идеяларға қол жеткізу мақсатында педагогтың өз кәсіби білімін дамытуына мүмкіндік туғызу.
Семинардың ашылу барысында балабақша директоры А.Б.Кишкиндаева сөз сөйлеп, әдіскер К.М.Карибекова «Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы» тақырыбында баяндама оқыды. «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің», «Бәрін білгім келеді» жобаларының жетекшілері ашық көрсетілім көрсетіп, «Ағылшын тілін үйренейік», «Қазақстан – ортақ үйіміз», «Тәлімгер мектебі», «Жас отбасы», «Еңбекқор бала», «Жас эколог» жобаларының жетекшілері де видео – презентация арқылы жүргізілініп жатқан іс – шараларға қысқаша мәлімет беріп өтті. «Ағылшын тілін үйренейік» жобасының жетекшісі А.Г.Умиржанова қатысушылармен «Жаңа стандарт, жаңа мүмкіндіктер» атты интеллектуальды ойын ойнаса, «Тәлімгер мектебі» жобасының жетекшісі Ж.Шекен семинар – практикумға қатысқан жас мамандармен шеберлік сыныбын өткізді. «Жас отбасы» жобасының жетекшілері: педагог – психолог Г.Д.Стамбекова және тәрбиеші А.А.Рахимбекова бірігіп, семинарға қатысушы педагогтармен «Екі пішін» атты тренинг жүргізіп өтті. Семинардың аяқталу барысында «Шұғыла» ересектер тобының қатысуымен экологиялық флешмоб өткізіліп, директор А.Б.Кишкиндаева сөз алып, қорытындылап өтті.