«Төрлет, Жаңа жыл!»
30-12-2017 14:12
«Төрлет, Жаңа жыл!»

25.12 – 29.12.2017 жыл аралықтарында «Ақбота» балабақшасында барлық топтардың арасында «Төрлет, Жаңа жыл!» атты музыкалық ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікке  қатысушылар жаңа жылдық көңіл-күй аясында өздерін ертегі кейіпкерлеріндей сезінуге мүмкіндік алды. Себебі, ертегі кейіпкерлері мен Аяз Ата және Ақшақар бүлдіршіндерге қонаққа келіп, жаңа жылдық көңіл – күй сыйлады. Ертеңгілік барысында балалар жаңа жыл мерекесі құрметіне безендірілген əсем шыршаны айналып, əн шырқап, би биледі. Мерекелік ертеңгілік аяқталар сəтте Аяз Ата əр бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар таратып, мерекелерімен құттықтады.