«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Ақбота» балабақшасында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты ертеңгілігі болды. Ертеңгіліктің мақсаты: балалардың бойында патриоттық тәрбиені насихаттау, Тұңғыш Президент жайлы мағлұматтар беру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Балабақша тәрбиеленушілері ертеңгілікті Қазақстан Республикасының әнұранымен бастады. Ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер үш тілде тақпақтар айтып, патриоттық әндер шырқап, би биледі.