«Бала құқығы – адам құқығы» ақпараттық кітапшалар тарату.
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндікке арналған іс – шаралар аясында балабақша педагог – психологы М.Абильдина ата – аналармен «Бала құқығы – адам құқығы» атты тақырыпта әңгімелесіп, ата – аналарға ақпараттық кітапшаларды таратты. Бұл кітапшаларда «бала құқықтары» туралы толық ақпараттар қамтылған. Ата – аналар сұрақтар қойып, мәліметтермен толық қамтамасыз етілді.