Қалалық мұражайға саяхат
26-10-2021 11:11
Қалалық мұражайға саяхат
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Tugan olkem tugyrym” тарихи-өлкетану апталығының жоспарына сәйкес «Ақбота» бөбекжайының мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері Балқаш қаласынң мұражайына саяхатқа барды. Мұражайда тәрбиеленушілер Балқаш қаласының тарихи мұраларымен, атақты тарихтанушылардың қолданған құралдарымен, ежелгі адамдардың өмір сүру салттарымен, қазақ халқының аспаптарымен танысты.
Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілерінің алған әсерлері өте зор.
Балқаш қалалық мұражайының ұжымына алғыс білдіреміз!