"111 Жедел қызметі"
18-10-2021 10:42
«Nur Otan» партиясы жанындағы «111 Жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылды.
  • «111» нөмірі — 24/7 жұмыс істейді;
  • «111» нөмірі — конфиденциалды;
  • «111» нөмірі — тәулік бойы ІІД және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен байланыста;
  • ”111” нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды;
  • Барлық қоңыраулар тіркеледі. Әрбір қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі.
  • Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, “111”-ге хабарлау қажет.
Әрқайсымыз «111» нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиіспіз.