"Менің сүйікті кейіпкерім"
19-08-2021 10:43

Бүгін «Ақбота» бөбекжайында жазғы сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспарының «Өнер көзі халықта» апталығы бойынша тәрбиеленушілер «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ертегі, мультфильм кейіпкерлерінің бейнесін мүсіндеп, сурет салды. Тәрбиешілер балаларға сүйікті ертегілерін тыңдатып, ертегі кейіпкерлері туралы балалардың өз ойларын айтқызды.