Балаларға қолды дұрыс жуу алгоритмі
Қолды қалай дұрыс жуу қажет?
Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.
- Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз
- Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз
- Қадам 3: Қолдың барлық жақтарын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 400 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз.
- Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз
- Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз
2. Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?
Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы - "Туған күніңмен" әнін екі рет толық орындап шығу.
Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.
3. Қолды қашан жуу керек?
COVID-19 алдын алу мәнмәтінінде қолды келесі жағдайларда жуу қажет:
- Мұрынмен сіңбіргеннен кейін, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен соң
- Қоғамдық көлікті, базарлар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін
- Ақшаны қоса алғанда, үйден тыс заттардың беттеріне қолмен тигеннен кейін
- Науқас адамға күтім жасау кезде, алдында және содан кейін
- Тамаққа дейін және тамақтан кейін