Бөбекжай ауласын көгалдандыру жұмыстары
20-05-2021 11:14
Бөбекжай ауласын көгалдандыру жұмыстары

«Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушілері бүгін бөбекжай ауласын абаттандыру жұмыстарына көмектесті. Тәрбиешілердің көмегімен балалар әдемі гүлдер отырғызып, суару жұмыстарын атқарды. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттіліке санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті – балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.