Экологиялық сауаттылық апталығы: "Табиғатты жүрегіңмен түрт"
21-04-2021 00:00
Экологиялық сауаттылық апталығы:
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Табиғатты жүрегіңмен 
түрт» экологиялық сауаттылық апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайының
мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілермен «Табиғат жүрегі» тақырыбында экологиялық 
ертегісі өтті. «Біз құстарға көмектесуіміз керек» акциясында ата-аналардың қолдауымен
педагогтер тәрбиеленушілерімен қоса бөбекжайдың ауласында құстарға арналған  жем 
салғыштар орнатты.