«Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы
20-04-2021 10:04
«Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы

Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайының музыка залында  тәрбиеленушілермен Экоапта ашылуы ойын-сауық ретінде өтті. Бөбекжай тәрбиеленушілерімен «Эколяттарға бастама» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілінді. Кіші топ балаларымен табиғат туралы, ойын – сабақ өтті. Ортаңғы топ тәрбиеленушілермен «Жұмбақтарды тап» тақырыбында жұмбақ жасыру түрінде ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ересек топтарында «Табиғат туралы не білетіндігіңді айт» атты оқу қызметтері жүрді. Мектепалды даярлық топ  тәрбиеленушілерімен «Мен не білемін?» тақырыбында қызықты викторина өтті.