"Көгілдір қоңыраулар" тақырыбында қалалық экологиялық-бітімгершілік акциясы
16-04-2021 09:32

2021 жылғы 13 сәуірде мектеп жасына дейінгі балалар мен ересектердің назарын табиғаттағы су көздерін қорғау проблемаларына аудару мақсатында «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК педагогтары халықаралық Б-бірыңғай, К-күндерге, өзендер, көлдер, су мен өмірді қорғауға арналған І - іс - әрекеттерге (БҚІ), Дүниежүзілік экологиялық білім беру күніне, Дүниежүзілік экологиялық қауіптен қорғау күніне және Дүниежүзілік тазалық пен құнттылық күніне орайластырылған «Көгілдір қоңыраулар» тақырыбында қалалық экологиялық-бітімгершілік акциясын өткізді. Акция Қарағанды облысының экология департаменті РММ, «Невада – Семей» ХДҚ қолдауымен, «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» РММ қолдауымен, «ЭКОШ» ҚБ және «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы РҚБ бастамасымен ZOOM платформасы арқылы онлайн өткізілді.