Құрметті ата - аналар!
- Құрметті ата - аналар!
- КМҚК «Ақбота» бөбекжайының педагогикалық ұжымның алға қойған негізі әрі маңызды мақсаты ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеме арасында заман талабына сай әдістемеліктерді қолдану арқылы өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Біз ата-аналарды бөбекжайдың оқу-тәрбие бағдарламасымен таныстырып, өз жетістіктерімізбен жеңістеріміз туралы мақтана айтқымыз келеді.
- Біздің «Ақбота» бөбекжайымыз ең алғаш рет 2007 жылы ашылды. Осы жылдар арасында педагогикалық ұжым өз тәрбиеленушілеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруге тырысып келеді. Бөбекжай ұжымының ұзақ жылдық еңбегінің нәтижесінде шын мәнінде үздік педагогтар командасы қалыптасқан, өз ісінің нағыз шеберлері, балаларды сүйе білетін, өзінің кәсіби деңгейін үнемі жоғары деңгейге көтере білетін педагогтар жиналған.
- Бөбекжайда баланың бақытты балалығы өтуі үшін жайлы жағдай жасап, жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етіп, баланың психологиялық және физикалық сапасын жан-жақты дамыту барысында баланы жаңа өмірге дайындау жолында педагогикалық ұжым аянбай еңбек етуде.
- Бөбекжайымыздағы ынтымақтастық арқасында балалар мен педагогтер арасында жайлы психологиялық атмосфера қалыптасқан.
- Біздің ұжым оқу тәрбие барысында балаларды имандылыққа, әдептілікке, әдемілекке, ұқыптылыққа баулып, баланың жан-жақты дамуы үшін әдістемелік бағдарламалар жасап, сол бойынша жұмыс жасаймыз. Балаларымыздың толыққанды біліммен тәрбие алып өсуіне ғимарат заман талабына сай безендіріліп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
- Бөбекжай - бұл біздің жылы үйіміз, мұнда балалар ойнай жүріп ойланады, өседі, дамиды, ертегілер тыңдайды және оны сахналайды, көпшілік ортада өзін дұрыс ұстауды үйренеді, еңбекке баулимыз. Олар өзін өз отбасында жүргендей сезінеді. Осының барлығы біздің педагогикалық ұжымның ерен еңбегінің арқасында жүзеге асырылуда.
- Біз әрқашан Сізге және сіздің балаңызға қуаныштымыз!
- Сізге шын жүректен сәттілік пен жетістік, денсаулық тілейміз!