Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы
12-03-2021 15:07
Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Мен бәрін білгім келеді» атты жаратылыстану  - танымдық сауаттылық апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайында бүгінгі күн «Оқиға іздеушілер» тақырыбында өтті. 
            Кіші топтың балаларымен «Ормандағы кездесулер» атты ойын түрде оқу қызметі өтіп, «Кім із қалдырды?» тақырыбында іздеу қызметінің элементтері бар дене шынықтыру көңіл - көтеру сабағы жүрді. «Менің жануарлар туралы алғашқы кітаптарым» тақырыбында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
            Ортаңғы топ балаларымен «Сиқырлы заттарды іздеу» ертегілері бойынша саяхат - сабағы өтті. Серуен кезінде іздеу қызметінің элементтері бар ойын-сауығы өтті. Кешкі уақытта «Бәрін білгім келеді!» тақырыбында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
            Ересек топтарында «Әуе шарымен Дымбілместің саяхаты» тақырыбында ақпараттық-коммуникативтік технологиялар элементтері бар ұйымдастырылған оқу қызметі өтіп, серуен кезінде «Берендея соқпағы» бойынша іздеу қызметінің элементтері бар дене шынықтырудан ойын - сауық өтті. 

         Мектепалды даярлық тобында тәрбиеші А.Умиржанова «Әлем бойынша саяхат» тақырыбында саяхат - сабағын жүргізді. Кешкі мезгілде балаларкітап бұрышында жұмыс жасады.