Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Мен бәрін білгім келеді» атты жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайында бүгінгі күн «Кішкентай зерттеушілер» тақырыбында эксперименттер күні болды.
Кіші топтың балаларымен «Біз аюға қалай көмектесеміз?» іздеу қызметінің элементтері бар оқу қызметі өтіп, «Түрлі түсті мұздар» тақырыбында эксперименттер жасап, сумен және бояулармен тәжірибе ойындар жүргізілді.
Ортаңғы топ балаларымен бұршақ тұқымын отырғызу бойынша кіріктірілген эксперименттік элементтері бар оқу қызметі өтті. Үлкейткіш арқылы іздеу эксперименттік қызметі өтіп, кешкі уақытта сумен және мұзбен тәжірибелік эксперименттік ойындар жүргізілді.
Ересек топтарында «Нан қайдан келеді?» тақырыбында тестопластика бойынша эксперименттік оқу қызметі өтіп, серуен кезінде желдің бағытын анықтады. Кешкі мезгілде «Ыстық, жылы, суық» тақырыбы бойынша ауамен эксперименттік ойын ұйымдастырылды.
Мектепалды даярлық тобында тәрбиешілер «Суды тазартамыз» тақырыбы бойынша тәжірибе элементтері бар ұйымдастырылған оқу қызметі өткізді. Серуендеу кезінде балалар «Күн сағаттарын жасаймыз» бойынша эксперименттер мен тәжірибелер ұйымдастырды. «Магнитті сынау» тақырыбы бойынша топтық жұмыс ретінде эксперименттік ойын өтті.