Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы
10-03-2021 11:06
Жаратылыстану  - танымдық сауаттылық апталығы
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Мен бәрін білгім келеді» атты бүгінгі жаратылыстану  - танымдық сауаттылық апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайында апталықтың ашылуы тосынсыйлар мен жұмбақтар жасыруымен басталды.
             Кіші топтарға Лунтик қонаққа келіп, ойын – сауық өткізді. Тәрбиешілер балалармен «Батады – жүзеді», «Қайықтар» сияқты сумен көңілді ойындар жүргізді. 
             Ортаңғы топ балаларына жұмбақ кейіпкер келіп ойын – сауық жүргізіп, жұмбақтар жасырды. «Сиқырлы түймелер» тақырыбында түймелер бар заттарды ойын қызметі өтті.
             Ересек топтарында музыкалық ойын – сауық, серуен кезінде «Көрінбейтінді іздеу» тосын – сыйлар мен жұмбақтар, «Картоп біздің үстелге қалай келеді?» тақырыбында ақпараттық – коммуникативтік технология элементтері бар ойын қызметі өтіп, кешкі уақытта сол тақырыпта жеке жұмыс жүргізілінді.
             Мектепалды даярлық тобында тәрбиешілер «Жұмбақтар қонақтар» тақырыбында ойын – сауық өткізіп, табиғат туралы жұмбақтар жасырып, «Өлшеуіш аспаптары» бойынша Монтессори элементтері бар ойын қызметін жүргізді.