"Қазақ тілін меңгереміз" апталығы
26-02-2021 16:19
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Әжемнің ертегісі» атты бүгінгі оқу қазақ тілі апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайында «Ертегілер елінде» атты театрландырылған қойылымы өтті. Оған педагогтердің көмегімен «Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері «Шұбар тауық» ертегісін қойды. 

Бөбекжайдың педагогтері тәрбиеленушілерге «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында мақал – мәтелдер, салт – дәстүрлер және жұмбақтарға арналған тапсырмалар ұйымдастырды.