"Қазақ тілін меңгереміз" апталығы
26-02-2021 16:18
Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты бүгінгі оқу қазақ тілі апталығында Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайында «Тіл білгірі» атты сайысы өтті. Оған балабақшаға келіп жүрген басқа ұлттың балалары қатысып, қазақ тіліне деген қызығушылығын танытты. 

«Ботақан» ортаңғы топ балаларымен санамақтар, «Еркетай» ересек топ тәрбиеленушілерімен мақал-мәтелдер және «Дәстүр» мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілер арасында жаңылтпаштар жарыстары өтті.