Дене шынықтыру, сауықтыру апталығы
19-02-2021 10:02
Дене шынықтыру, сауықтыру апталығы

Қарағанды облысының оқу - әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Балалар спорт әлемінде» атты бүгінгі дене шынгықтыру  - сауықтыру сауаттылығы апталығында, Балқаш қаласының «Ақбота» бөбекжайына Карлсон қонаққа келіп, балаларға таңертеңгі жаттығуды йога элементтерімен  жасатты.

«Спорт балалар көзімен» балалар, ата-аналар және педагогтардың күшімен сурет байқауы өтіп, көрме ұйымдастырылды.

Балабақшаның ауласында ата-аналармен педагогтар арасында «Қазына іздеу» атты спорттық квест өтті.

Тәрбиеші Р.Досмагулова «Күн режимдегі босаңсыту ойындары мен жаттығулардың рөлі» тақырыбында педагогтерге кеңес берді.

«Айналайын» ортаңғы топта «Біз Витаминді қалай сақтадық» атты спорттық ойын-сауық өтті.