Медициналық кабинетінің қызметі
- Балабақшаның медициналық блогына кіреді:
- * медициналық кабинет
- * емшара кабинеті
- * егу кабинеті
- * оқшаулағыш.
- Медициналық кабинетті жабдықтау СанПиН талаптарына сәйкес келеді. Медицина қызметкерлері есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
- Мектепке дейінгі ұйымда жыл сайын қалалық емхананың мамандарымен балаларды тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі. ІАҚ егу күнтізбесіне сәйкес педиатр дәрігердің қатысуымен балаларға иммунопрофилактика және вакцинация жүргізіледі.
- Педагогтер мен қызметкерлер жылына бір рет СанЕжН талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 128 бұйрығымен бекітілген "Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларының" 4-тармағына сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтеді.
- Медицина қызмткерлері санитариялық-профилактикалық жұмысты, балаларға медициналық қызмет көрсетуді және олардың тамақтануын ұйымдастыруды, балаларды таңертеңгілік қабылдауды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.
- Барлық тәрбиеленушілердің денсаулық құжаты бар.