Ата-аналар сіздер үшін!
Тыныс алу жаттығуы- мектепке дейінгі жастағы балаларды
оңалту әдісі.
Тыныс - бұл өмір. Ауасыз адам бірнеше минутты ғана жасай алады.
Сөйлеудегі тыныс алу дегеніміз не? Сөйлеудегі тыныс алу - тыныс алу жаттығуларымен бақыланатын процесс болып табылады. Тыныс алу жаттығуы - тұтықпа, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы және басқа да сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарына көмектеседі. Бұл денсаулықты сақтау үшін жиі ауру балаларға да, сау балаларға да қажет. «Адамдар дұрыс тыныс алмаудың арқасында көп ауырады, өйткені олар дұрыс тыныс алуды білмейді. Ауру басылу үшін, оларды үйрету керек» - деген А.Н.Стрельникова. Неден бастау керек? Жалпы жаттығулармен! Жай сөзбен айтқанда, балаларды дұрыс дем алуды үйрету керек. Бұл жаттығулардың мақсаты, тыныс алу көлемін арттыру және олардың ырғағын қалыпқа келтіру болып табылады. Бала аузын жауып, тыныс алуды үйренеді. Балаға мұрыннан дем шығаруды үйретеміз: «Мұрынмен ұзақ терең дем алып, мұрын арқылы ұзақ дем шығару». Біз оны өзіңізге ұсынамыз. Бір қарағанда қарапайым жаттығу (бұл жаттығу 4-5 рет қайталаңыз). Содан кейін баланың мұрындарын жауып, балаға ауыз қуысын үйретеміз. Балаға тыныс алуды, тез және терең тыныс алуды және баяу, ұзақ дем шығаруды үйрету керек. Өкпедегі альвеолалардығы қанды оттегімен қанықтыру үшін, өкпеге ауа жіберу - дем алудың мәні болып табылады. Өкпенің қысылып және олардағы ауаны шығаруы, дем шығару кезіндегі кеуденің қалыпты көлеміне оралуы және тыныс алуы кеуде қуысының кеңейіп, ауаның өкпеге енуі – бұл тыныс алудың екі әрекеті болып табылады. Музыканың сүйемелдеуімен және тақпақтар айту арқылы тыныс алу жаттығулары орындалады. Мұнда олардың кейбіреулері бар.
«Әтеш» Қанаттарын қағып, Оятты бәрін шақырып. Тік тұрып, аяқты алшақ ұстап, қолды екі жаққа жазып (тыныс алып, содан соң дем шығару арқылы ку-ка-ре-ку деп айту керек) 5-6 рет қайталау керек.
«Насос»
Суды сорып аламыз, Гүлді біз суғарамыз. Қолды белге қойып, отырғанда – терең дем алып, тұрғанда дем шығару арқылы с-с-с-с деп айту керек.
«Паровоз»
Келеді паровоз келеді, Балабақшаға балаларды әкеледі. Балалар айнала жүреді. Саусақтарын жұдырыққа түйіп, қолдарын білекке қайырып, денеге жабысып тұру керек. Сәйкес қозғалыстар жасай отырып, балалар «чух-чух-чух» деп айту керек. Жаттығу 20-30 секунд орындалады.
Қозғалыстағы тыныс алу жаттығуларымен қатар , балалармен орындықта статистикалық тыныс алу жаттығуларын жүргізу қажет. Мен олардың кейбірін таныстырып, олардың орындалу ерекшеліктері туралы айтып беремін.
«Қаршалар» - мақтадан бостау домалақтар жасап, балаға үрлеуді ұсыну керек. Бала «қаршаны» алақанға салып, үрлейді. Оны дұрыс үрлеу керек.
«Көбелектер»
Бірнеше көбелекті қағаздан кесіңіз. Әрқайсысына баланың бетінің деңгейінде жіп байлаңыз. Содан кейін көбелекке үрлеп , ұшқанын байқау керек.
Барлық балалармен дем алу жаттығуларын өткізбес, бұрын олардың медициналық жазбаларымен танысыңыз. Бас миының жарақаттары, жұлын жарақаттары, қан кету, жоғары артериялық және бас миының қысымы, жүрек ақаулары және басқа да аурулары бар балаларға, тыныс алу жаттығулары ұсынылмайды!