Халыққа жауапты денсаулық сақтайтын мінез-құлық пен шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ақбота» балабақшасындаДүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне арналған «Демікпесіз өмір сүрейік»іс-шаралар өтті. «Сіздің балаңыз үшін пассивті темекі шегудің зияны» атты ата-аналар жиналысы өтіп, сауалнамалар таратылды.Бронх демікпесінің алдын алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, атап айтқанда, қауіп-қатердің жойылатын факторлары, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі қағидаларын сақтау, темекі шегуден, алкогольден бас тарту, гигиеналық ережелерді сақтау, аллергиялық аурулардың дер кезінде алдын алу және емдеу бойынша медбике Г.Смагулова ұжымға кеңес берді.Дене белсенділігі мен спортты насихаттауда дене шынықтыру нұсқаушысы Н.Омарғали әріптестермен «Тыныс алу оңай-өмір сүру оңай!» ұранымен спорттық іс – шара өткізді.
«Демікпесіз өмір сүрейік»