Ұлы Отан соғысы туралы түсінік беріп, Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, Отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, баулу. Балаларды адамгершілікке, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат, патриот тәрбилеу мақсатында 2019 жылдың 08 мамырда Балқаш қаласының «Ақбота» балабақшасында «Алаула Жеңіс алауы» атты 9 мамыр Жеңіс күніне арналған ертеңгілік өтті. Балаларға қонаққа Ауған соғысының қатысушысы, жауынгер-интернационалист Мухамедиев Бауыржан Мейірханұлы және әскерде борышын өтеп келген жауынгерлер Серік Жасұлан Сәкенұлы, Омарғали Талғат Нариманұлы шақырылды. Балалар көңілді би, тақырыптық әндер мен өлеңдер оқыды. Жас жауынгерлер еденнен тартылу бойынша спорттық жаттығулар өткізді, жаттығуға ұлдар да қатысты. Іс-шара соңында интернационалист-жауынгер Бауыржан Мейірханұлы өзінің ерліктерімен бөлісіп, балаларға тілегін айтты.
«Алаула Жеңіс алауы»