«Кәне, күш сынасайық» атты спорттық-эстафеталық ойындар
06-05-2019 14:31
«Кәне, күш сынасайық» атты спорттық-эстафеталық ойындар

  

Қазақстан Қарулы Күштері 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, салауатты өмір салтын нығайту, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, достыққа бауырмалдыққа баулу. Ұлттық ойындарға қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту, мерекелік көңіл - күй сыйлау, Отанды ардақтап, құрметтеуге, қорғауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 6 мамырда «Ақбота» балабақшасының денешынықтыру нұсқаушысы Н.Т.Омарғали, ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен «Кәне, күш сынасайық» атты спорттық-эстафеталық ойындар өткізді. Балалар жүгіруден, ойыншық мылтықтан нысананы көздеуден, арқан тартысудан және тағы басқа әскери спорт түрлерімен күш сынасты. «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушілері өздерін болашақ жауынгерлер, Отан қорғаушылар ретінде сезініп, жақсы көңіл-күй алды және мақтау қағазымен марапатталды.