Балқаш тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
01-08-2019 12:57

22 шілде күні ересек топ балалары Балқаш тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Экскурсия жүргізген мұражай қызметкері барын сала балаларға түсіндіріп, әр экспонаттың ерекшеліктеріне тоқталды, халқымыздың ұлттық жәдігерлерімен таныстыра отырып, балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырды. Сондай-ақ, өлкетану мұражайында балалар туған табиғатымыздағы аң-құстар, тарихи жәдігерлер, қолөнер бұйымдары, тарихи құндылықтармен жете танысты. Әр нәрсеге мән бере, көзбен көру арқылы танып білуге деген ынтасы артып, түрлі сұрақтар қойды.Өзара сөйлесіп, алған әсерлерін сол сәтте-ақ бөлісіп жатты.